Финляндияның НАТО-ға кіруіне кедергі жоқ
Түркия парламентінің Бас Ассамблеясы Финляндияның НАТО-ға кіруін қолдап, 276 депутат дауыс берді.
Ұзақ жылдар бойы бейтарап саясат ұстанған Финляндия мен Швеция былтыр мамыр айында Солтүстік атлантикалық қорғаныс одағына мүше болуға өтініш білдірген еді. Бірақ Түркия екі мемлекетке бірқатар талап қойды. Соның салдарынан олардың одаққа қосылуы тежелген. Енді Финляндияның НАТО-ға кіруіне еш кедергі жоқ.