Дональд Трамптың басы тағы да дауға қалды

Дональд Трамптың басы тағы да дауға қалды. Бұған дейін ол "екі рет импичмент жарияланған президент" ретінде тарихта қалған еді.

Енді, міне, қылмыстық іс қозғалған тұңғыш экс-президент атанып отыр. Бұл жолғы жанжалға не себеп? Әріптесім Жұлдыз Атагельдиевадан білейік.

Манхэттеннің алқабилер соты АҚШ-тың бұрынғы басшысына айып тақты. Оның президенттік науқан кезінде төлемдерге қатысты шикілігі шықты. 2016-жылы Ақ үй басшысына үміткер болған шақта Дональд Трамп үлкендерге арналған фильмнің актрисасымен жыныстық қатынаста болғанын жасыру үшін оған 130 мың доллар берсе керек. Мұндағы басты мәселе - аударым "саяси науқанға арналған шығын" ретінде рәсімделген. Ал бұл Нью-Йорк штатының заңына сәйкес алаяқтыққа жатады.  Мұнымен Трамптың қорғаушысы Майкл Коэн айналысқан. Бұл әрекеті үшін ол 3 жылға бас бостандығынын айырылды. Қорғаушы ақшаны өз қалтасынан төлегенін айтқан. Бірақ оның неге арналғаны жайлы тіс жармады. Дональд Трамп мұның бәрін "саяси қудалау" деп атап, актрисамен байланысы болғанын да, оған ақша аударғанын да жоққа шығарып отыр. 

ЦИТАТА
Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрынғы президенті:

- Олар маған жалған айып тағып отыр. Өйткені мен америкалықтарды қолдаймын. Олар менің Нью-Йорктегі сотта әділ үкімге қол жеткізе алмайтынымды білгеннен кейін осылай әрекет етіп отыр.

БЛИЦ

- Бұл демократия мен заң үстемдігінің қағидаттары сақталатынын көрсетіп отыр. Керемет жұмыс!

- Дональд Трамп саясат сахнанан кетсін! Сонда біз өзімізді қауіпсіз сезінеміз.

- Бұл мен үшін жақсы жаңалық. Бірақ шыны керек, Трампқа түк те болмайтын сияқты. Оны ешкім түрмеге отырғыза қоймас. Өйткені ақшасы көп. Соның арқасында жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін.

Соңғы президент сайлауында жеңіліс тапқан Дональд Трамп келер жылы өтетін саяси науқанға қатысатынын әуелдан-ақ айтқан. Ол додаға республикашылдар партиясының атынан сынға түсуге ниетті.

САРАПШЫ ПІКІРІ

Неама Рахмани, бұрынғы федералдық прокурор:

- Дональд Трамп пен оның жақтастарының әлеуметтік желіде жазып жатқандарын көріп отырмыз. Олар Ақ үйдің бұрынғы басшысына әділетісіздік танытылып жатқаны туралы айтады. Мұны саяси қудалауға бағалайды. Қалай болғанда да бұл ел тарихындағы ең ірі жанжалдың бірі болмақ. Өйткені әдетте заң мен саясаттың мүдделері бір-бірімен тоғыспайды. Ал енді келер жылы өтетін президент сайлауына Әділет министрлігінің араласуына тура келеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл іс сайлауалды науқанына әсер етпеу керек. Өйткені жергілікті заңмен оған тыйым салынбаған. Алайда соңғы жанжал саясаткердің беделіне нұқсан келтіретіні айтпаса да түсінікті. Егер келер жылы өтетін президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетсе, заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Сөйтіп бұл іс жабылуы мүмкін.