Сеул қаласында орман өртенді
Сеулдің қақ ортасында тұрған Инвансан тауының етегіндегі орман өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тілсіз жау 30 футбол алаңымен шамалас ауданға тараған. Осының салдарынан халық тығыз қоныстанған ел астанасында 120-дан аса үйдің тұрғыны, қауіпсіз жерге көшірілді. Билік өртті сөндіруге 15 тікұшақ, 85 арнаулы көлік пен 500-ден аса маман жұмылдырды. Бұрынғы патша сарайлары маңындағы Инвансан және Бугак таулары – халық серуендеп, көп жүретін аймақ.
Чон Юн Гё, өрт сөндіру бөлімінің аға қызметкері:
- Қазір өртке не себеп болғанын тергеп жатырмыз. Зардап шеккендер туралы әзірше хабар түскен жоқ.