Финляндия НАТО-ға қабылданады

4 сәуір күні Финляндия ресми түрде НАТО-ның 31-ші мүшесі атанады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – альянс тарихында ең жылдам іске асқан қосылу үдерісі. Финляндия одаққа кіру туралы өтінішті 10 ай бұрын тастаған болатын. Ал көршісі Швеция өз кезегін күтіп отыр. Келісім бойынша, НАТО-ға мүше елдердің біреуіне жасалған шабуыл әскери одаққа қарсы әрекет деп қарастырылады.