Манчестер Ұлыбританиядағы туристік салық енгізген алғашқы қала болып отыр
Манчестер Ұлыбританиядағы туристік салық енгізген алғашқы қала болып отыр.
Енді Британдық корольдікке келіп, қонақ үйге жайғассаңыз күніне қосымша бір фунт төлеу керек. Бұл 600 тенге шамасында. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл ақша шаһардағы туризм саласын дамытуға бағытталмақ. Сондай-ақ, қаражат көше тазалауға, қоқыс шығаруға және түрлі шаралар ұйымдастыруға жұмсалмақ. Дегенмен, мамандар әзірге бұл салықты тиімді енгізу жұмыстарын қарастырып жатыр. Әсіресе, қазір әлем елдерінде инфляция шарықтап тұрғанда жағдай қиын. Саяхатшылардың артық ақшасы жоқ екені айдан анық.
БЛИЦ:
- Еш проблема көріп тұрған жоқпын. Бір-ақ фунт қой. Оның үстіне бұл ақша қаланы көркейтуге жұмсалады екен.
- Мен бұл қонақ үйде бір түн ғана қондым, жарайды маған салық мөлшері көп емес болған шығар. Бірақ апталап, айлап жүретін адамдарға қиын болады деп ойлаймын.
- Мәселен, бір жанияда 4 адам болса, тәулігіне 4 фунт төлеу керек, аптасына қанша шығады, есептей беріңіз. Бұл керісінше қалаға келушілер санын қысқартатын сияқты. Оның үстіне, шығын көп болған сайын, туристер мейрамханаларға немесе түрлі экскурсияларға барудан бас тартуы мүмкін. Мұндай салық енгізбес бұрын жақсылап ойлану керек сияқты.