Ауғанстанға қажет 4 млрд доллардың небәрі бес проценті аударылды
Ауғанстанға қажетті соманың 5 пайызы ғана бөлінді.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі мәлімдеді. Әзірге тиісті 4 жарым миллиард доллардың 213 миллионы ғана жиналған. Халықаралық қауымдастық ауған еліне әлемдегі ең ірі гуманитарлық дағдарыс қаупі төніп тұр деп дабыл қағады. Қазір 30 миллиондай тұрғын тойып тамақ ішпейді. Мамандар соңғы күндері "Талибан" билігінің әйелдердің Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдарында жұмыс істеуіне тыйым салуы гуманитарлық операцияға үлкен соққы болып тиді дейді.