Ухань базарындағы вирус туралы ешбір ақпарат берілген жоқ – ДДҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай ковид себебін тергеуге кедергі келтіріп отыр деп айыптады.
Өйткені бұл елдің ғалымдары 3 жыл бойы инфекция ошағы деп саналатын Уханьдағы базардан алынған вирус сынамалары туралы ешқандай ақпарат бермеген. Ұйым сарапшылары ресми Бейжіңнен тиісті мәліметті тез арада тапсыруды талап етіп отыр. Мамандар вирустың шығу себебін анықтау болашақта инфекциялардың алдын алуға көмектеседі деп есептейді.
Мария ван Керкхове, ДДСҰ сарапшысы:
- Уақыт босқа өтіп жатыр. Вирус сынамаларын беру мерзімі ұзарған сайын тергеу ісін жүргізу де қиындай түспек. Мәліметтер бізге тез арада керек.