Италияда жеміс-жидек үсіп кетуі мүмкін
Италияның солтүстігіндегі енді ғана гүлдей бастаған бау-бақша алқабына қауіп бар, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әсіресе шие ағаштары үсіп кетуі мүмкін. Өйткені олар ауа райының құбылуына өте сезімтал келеді. Бұған дейін ай бойы жылымық болып, қазір күн күрт суытқан. Енді бағбандар бақтағы ағаштарды жағалай от жағып, сақтап қалудың амалын жасап жатыр. Шамасы келегендер брезентпен қаптап әлек.
Руджеро Габарди, бағбан:
- Бәрін болмаса да, бір бөлігін сақтап қалуға тырысып жатырмыз. Күн бұдан артық суымайды деп үміттенеміз. Мәселен, кеше сынап бағанасы минус 6 градусқа дейін түсіп кетті.