Оңтүстік Африкада 800 жұп бір мезгілде отау құрды
Оңтүстік Африкада пасхаға орай бір мезгілде 800 жұп отау құрды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – коронавирус пандемиясынан кейінгі ең ауқымды жаппай үйлену тойы. Жастар дәстүрлі би билеп, ән шырқап, жиналған жұрттың көңіл-күйін көтереді. Мұндай шара елде жылда өтеді. Биыл рәсім 2 жылдық үзілістен кейін ұйымдастырылды. Сондықтан жұп саны да 2 есе көп. Салтанатты шара Йоханнесбург қаласынан 100 шақырымдағы ең үлкен шіркеуде өтті. Ғибадатхана 1962 жылы құрылған. Африкалықтар ерекше рәсімді асыға күтеді. Жаппай үйлену шарасын көруге жүздеген адам жиналады.