Боинг компаниясы 737 MAX моделіндегі ұшақты жеткізуді тоқтатты
Боинг компаниясы 737 MAX моделіндегі бірнеше ұшақты жеткізуді тоқтатты.
Оған себеп әуе кемесіне қажетті бөлшектердің сапасыз болуы. Ұшақ жасаушы мекеменің мәлімдемесіне сәйкес, аталған проблема 2019 жылы анықталған.
Айта өтейік, 2018 және 2019 жылдары болған әуе апаттарынан кейін осы модельдегі барлық лайнер қатаң тексеруден өтетін болды. Оны АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасы жүргізеді.