SpaceX жаңа зымыранын сынайды
"Спейс Икс" компаниясы жаңа зымыранын сынақтан өткізгелі жатыр.
Биіктігі 120 метр болатын ғарыш кемесі көп мәрте қолдануға арналған. Ол тот баспайтын болаттан жасалды. Отын ретінде басқа зымырандар сияқты сутекті емес метанды қолданады. Зымыран көкке Техастағы Бока-Чика айлағынан ұшырылады. Сарапшылар жаңа зымыран ғарыш саласына көп өзгеріс әкеледі деп отыр.
Гаррет Рейзман, SpaceX компаниясының бас кеңесшісі:
- Бұл зымыранның осы салаға төңкеріс әкелуге мүмкіндігі мол. Ол өзінің көлемімен ғана емес экономикалық тұрғыдан да көп артықшылққа ие. "СпейсИкс" ол арқылы ғарышкерлерді Күн жүйесінің алыс жерлеріне жеткізуді көздеп отыр.