Түркі елдерінің белгілі суретшілері Ташкентке жиналды
Өзбекстан астанасында бауырлас халықтардың қолөнер фестивалі өтіп жатыр.
Қазақстаннан барған қылқалам шеберлері түркі әлеміне ортақ құндылықтармен танысып, мәдени байланысты тереңдетуге үлес қосты. Түрксой ұйымы тарапынан жиналғандарға Ахмет Байтұрсұнұлы медалі табысталды. Мұндай марапаттың бірі суретші, Қазақстан көркем академиясының академигі Жанұзақ Мүсәпірге берілді. Түркі әлемі биыл мәдени тұрғыда дамуға аяқ басты. Бұл жолы Қазақстаннан барған қылқалам шеберлері Бұқараға да арнайы ат басын тірейді. Көне орынның тарихы мен бүгінгі келбетін тамашалап, табиғат аясында жаңа туындылар салады.
Жанұзақ Мүсәпір, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- Түрксойдің 30 жылдық тарихында бүгінге дейінгі атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі тамыры терең түркі халықтарының мәдениетін, өнерін ортаға салып, түпкі тамыры бір екенін айтқысы келетін дүние. Міне маған түркі әлемінің беріп жатқан медаль менің ғана еңбегім емес, Қазақстанның бейнелеу өнерінің атқарып жатқан жұмысы дегім келеді. Бұл менің ғана емес, қазақ суретшілеріне көрсетілген құрмет деп есептеймін.