Парижде халық наразылығы тыйылмай тұр
20 сәуір күні ереуілге мыңдаған адам шығып, орталық көшелермен жүріп өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жұрт Ла-Дефанс қорғаныс ескерткішіне жиналған. Халық ел президенті Эммануэль Макронның зейнетақы реформасына қарсылық білдіріп жатыр. Жаңа өзгерістерге сәйкес француздар енді зейнетке бұрынғыдай 64 жастан емес, 62 жастан шығатын болады. Ал бұған дүйім жұрт қарсы болып тұр. Олардың айтуынша, үкімет адам құқығын таптап, халық пікірімен санаспайды. Кәсіподақ белсенділері мұндай ереуілдер Парижде ғана емес, басқа ірі қалаларда өтеді деп ескертеді.