Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Германияда 3-ші күн таныстырылып жатыр
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Германияда 3-ші күн қатарынан таныстырылып жатыр.
18 миллион тұрғыны бар Дюссельдорфта бүгін маңызды кездесу өтті.
100-ден астам неміс компаниясы өкілдерінің басын қосқан бұл шара Қазақстан экономикасы мен мүмкіндіктері тақырыбына арналды. Солтүстік Рейн Вестфалия – Германия экономикасының орталығы ретінде танымал. Бизнес өкілдерімен қатар сарапшылары да шараға қызығушылық танытты.
Андреас Шмитц, Дюсельдорф сауда-өнеркәсіп палатасының президенті:
- Неміс бизнесінің серкелері Қазақстанда қандай мүмкіндіктер бар екенін білді. Екі ел энергетика саласында белсенді ынтымақтасуда, енді машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі саласында да осындай нәтижелер күтеміз.
Ерлан Қойшыбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ логистика бойынша басқарушы директоры:
- Еуропаға Германияға Қытай мен Еуропаның саудасы 847 млрд еуро болып қалыптасты 2022 жылы. Темір жол бағыты Қазақстан арқылы 30 млрд көлемінде құны 30 млрд тауарлар тасымалданды. Одан басқа орташа коридор бағытында жұмыс істейміз. Орташа коридорда 2022 жылда екі жарым есе жүк тасымалдау өсті, Қазақстанның экспорты 6,6 есе былтыр өсті.
Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуеті мен жеңіл өнеркәсіп, барлау және жаңартылатын энергия салаларындағы мүмкіндіктер тақырыбы қызу талқыға түсті. Нәтижесінде неміс кәсіпкерлері өздерінің саладағы тың жаңалықтарымен бөлісуге дайын екенін атап өтті.
Оливер Хермес, "Wilo" компаниясының басқарма төрағасы:
- Біз бүкіл әлем бойынша сорғылар тасымалымен айналысамыз. Қазақстанмен де жұмыс істейміз. Сіздің елде оқу, логистикалық және өндірістік орталықтарымыз бар. Бұл - біз үшін өте маңызды нарық.
Михаэль Виферс, "Rhenus Logistics" компаниясының басқарма мүшесі:
- Біз халықаралық логистикалық компания ретінде Қазақстанды Орталық Азиядағы ең маңызды елдердің бірі деп білеміз. Сіздің елде жұмыс істеп жатқанымызға 30 жылдан асты. Қазақстанда үш кеңсеміз бар. Қазір жаңа жеткізу тізбегі құрылуда, біз бұл бағытқа инвестиция салуға өте мүдделіміз.
Саар өндірістік аймағынан басталып, Баден Вюртемберг астанасы Штутгартта, одан соң, бүгін Дюссельдорфта өткен шара елімізге инвестицияның жаңа ағынын бағыттайды, деген үміт көп.
Авторлары. Сымбат Ғалымжанқызы, Шолпан Найманбаева