БАӘ ғарышкері Ораза айт мерекесімен құттықтады

Біріккен Араб Әмірліктерінің астронавы ғарыштан Ораза айт мерекесімен барша мұсылман жұртын құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

41 жастағы Сұлтан Әл-Неяди биыл Рамазан айын ерекше өткізген. Оның Халықаралық ғарыш станциясынан жіберген сәлемдемесі қазір желіде желдей есіп жүр. Видеода ғарышкер әуе кемесінің ішін көрсетіп, өзінің көтеріңкі көңіл күйін халыққа жеткізді.

Араб ғарышкері Халықаралық ғарыш станциясына наурыздың 2-сі күні НАСА жобасы арқылы, америкалық әріптесі Стивен Боуэнмен бірге ұшқан. Сұлтан Әл-Неяди – Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшқан алғашқы ғарышкер. Ол ашық кеңістікке сәуірдің 28-і күні шығады, бұл сәт әлемге оналайн режимінде көрсетіледі.