Индонезияда 7,3 балдық жер сілкінісі болды

Индонезияның Суматра аралында 7,3 балдық жер сілкінісі болып, тұғындарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зілзала ошағы аралдың батыс бөлігінде тіркелген. Жер сілкінісі бірнеше рет қайталанған. Зардап шекккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

Индонезияда жер сілкінісі жиі тіркеледі. Себебі мемлекет Тынық мұхитындағы сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан.