Бразилияда мыңдаған үндіс шеруге шықты

Дүйім жұрт ел астанасына жиналып, үкіметтен құқықтарын қорғауды талап етіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халық Ұлттық Конгресс ғимаратының алында жиналып, қазіргі саясатқа қарсы ұрандар айтты. Шеруге қатысушылардың сөзінше, Бразилияда бүгінгі таңда кей ұлт өкілдері дәстүрін, тұратын жерін сақтап қалуға қамдану керек. Қазіргі билік аз ұлттар қауымдастықтарымен санаспайды, олардың құқықтарын аяққа таптайды.

Дегенмен шеру бейбіт түрде өткен. Ұйымдастырушы Free land деген қауымдастықтың мүшелері жалпы елдің түкпір-түкпірінде тұрады екен. "Мұндай құқық қорғау шарасы елде дәстүрлі түрде 19 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді", - дейді қауым өкілдері.