Колумбияда экотуризм қарқынды дамып келеді

Колумбияда экотуризм елдің басты кіріс көзінің біріне айнала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экономикасы мұнайға негізделген мемлекетте саланың қарқын алуына қолтырауын, су доңызы, тырна, қоқиқаз сияқты аң-құс көмектескен. Мысалы, Касанаре аймағында 115 қорық бар. Оның бірінде 200-ден аса құстың түрі мекендейді. Өңір жабайы таиғаттың арқасында мұнайға тәуелділікті 30%-ке азайтқан. 

Людовик Бертель, кәсіпкер:

- Мен негізінен шағын топтармен жұмыс істеймін. Олар осында келген соң экоүйлерде өмір сүреді. Белгілі бағыттармен саяхаттап, қорықтың керемет табиғатын тамашалай алады.