Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуі мүмкін

Кореяның Сыртқы істер министрлігі Қазақстаннан келген жұмысшыларға квота беру мәселесін қарастыруға келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің делегациясын Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев басқарды.

Владислав Цой, тілші:

- Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесі аясында қазақстандық жұмысшыларға квота беру мәселесін қарастыруға дайын. Бұл туралы Корея мен Қазақстанның консулдық қызметтерінің басшылары Ким Мин Чоль мен Бауыржан Ақатаевтың келіссөзінде белгілі болды. 7 консулдық консультацияларға біздің дипломаттар мен бірге еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі қатысты. Жұмыспен қамтуға рұқсат беру жүйесіне сәйкес Таңғы самал елінде 16 мемлекеттен келген мигрант жұмыс істейді. Қазақстан 17-ші ел болуы мүмкін. Қазақстандықтарды корей зауыттарына заңды жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыру өтінішімен дипломаттарымыз бірнеше жыл бұрын корей әріптестеріне жүгінген болатын. Ал бүгін оң жауап келді. Сондай-ақ қазақстандық консулдық қызмет өкілдері азаматтарымызға Кореяға кіру рұқсатын немесе K-ETA алу қажетін жоюға сұрады. Өйткені бұл елге шынымен турист ретінде немесе медициналық тексерістен өткісі келетін көптеген Қазақстан азаматтары Кореяның Әділет министрлігінің рұқсатын ала алмай жүр.  Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені қазақстандық заңсыз мигранттар ағыны азайған жағдайда ғана шешуге келісті. Рұқсатсыз жұмыс істейтін азаматтар санын азайту үшін Кореяның Әділет және Еңбек министрліктері шетелдіктерді тиісті құжатсыз жұмысқа алған жұмыс берушілерге жазаны қатайтпақшы. 

Айта кетейін, осы елде 400 мыңнан астам заңсыз еңбек мигрантының 2,7%-і ғана – қазақстандықтар. Сондай-ақ келіссөзде өткен айдың соңында Инчон әуежайынан қашып кеткен Түркістан облысының 2 тұрғынының тағдыры қаралды. Қазақстандық тарап бұл істің мән-жайын объективті және жедел қарауды сұрады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян.