Флорида штаты торнады салдарын тартып жатыр

АҚШ-тың Флорида штатында торнадо соғып, көліктерді төңкеріп, үйлерге зақым келтірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Метеорологтар желдің екпіні сағатына 10 шақырымға жеткенін айтады. Қазір дауыл бағытын солтүстік-шығысқа қарай бұрған. Майами қаласында торнадо салдарын жою бойынша қызу жұмыс жүріп жатыр. Полиция зардап шеккен адамдар туралы ақпарат таратқан жоқ.

Бұған дейін дауыл Техас штатында болып, 81 мың отбасы жарықсыз қалған еді.