Кенияда 100-ден астам адам секта құрбаны болды
Кенияда көп тамақ ішпеуге үгіттейтін секта құрбандарының саны 100 адамнан асты.
Мерзімінен бұрын қайтыс болғандардың арасында балалар көп. "Қызыл Крест" ұйымы тағы 300-ден астам кісінің хабар-ошарсыз жоғалып кеткенін айтады. Сондықтан қаза тапқандар қатары әлі де өсуі мүмкін. Аталған сектаның көсемі "Исамен жұмақта кездесу" үшін ас-судан бас тартуға үгіттеген. Ол қазір қамауда. Сот ісі бүгін басталуы керек. Осы сәтке дейін 44 адам құтқарылған. Кенияның Ішкі істер министрі бұл оқиғаны "жаппай кісі өлтіру" деп бағалады.