Перуде кеніштегі өрттен 27 адам көз жұмды
Перудің оңтүстігіндегі алтын кенішінде өрт шығып, 27 адам ажал құшты.
Бұл кен орнында соңғы 22 жылда тіркелген ең қайғылы оқиға болды. Билік: "оттың тұтануына электр тоғының қысқа тұйықталуы себеп болған",- деп мәлімдеді. Перу - әлемде алтын өндіруден бірінші, ал мыс шығарудан екінші орында орналасқан. Былтыр кен орындарында 38 адам көз жұмған.