Ресейде орман өрті 60 мың гектардан астам аумақты шарпыды

Ресейде орман өрті өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалын 60 мың гектардан асатын аумақты шарпыған. Соның салдарынан еліміздің солтүстік өңірлерін түтін басты. Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Ақмола облыстарының тұрғындары ауада түтін мен ыстың иісі барын айтады. Елімізбен шекаралас Түмен, Қорған және Свердлов облыстарында төтенше жағдай режимі жарияланды. 21 адам опат болған. Тағы 13 азамат жарақат алып, ауруханаға түскен. Бірнеше елді мекенде тұрғындар эвакуацияланды. Қазір мамандар өрт себебін анықтап жатыр. От қою дерегі бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды.