Астық келісімі: 30 млн тонна бидай экспортталды

Астық келісімі аясында жүк кемелерін тексеру жұмыстары қайта жанданды. Бұл туралы БҰҰ өкілдері хабарлады.

Естеріңізде болса, Ыстамбұлдағы үйлестіру орталығы 7-8 мамыр күндері тексеріс жұмыстарын жүргізбеген болатын. Жалпы астық келісімі соңғы рет наурыз айында 60 күнге ұзартылған еді. Бүгінге дейін Қара теңіз порттарынан 30 миллион тоннаға жуық өнім экспортталды.

Фархан Хак, БҰҰ Бас хатшысы өкілінің орынбасары:

- 62 кеме шығуға дайын тұр. Олардың 8-і тіркеуден өтуге қатысты үйлестіру орталығына өтінім берген. Кеме қозғалысы мен тексерісін жеңілдету мақсатында БҰҰ, жергілікті үйлестірушілер мен түрік делегациясы тығыз байланыста. Астық келісімі мерзімін ары қарай ұзарту үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз.