Тайваньда кранның темірі пойызға құлап, әйел қаза тапты

Тайваньдағы құрылыс алаңында кранның көтергіш темірі метро пойызына құлап, 1 әйел мерт болды.

Тағы ондаған жолаушы жарақат алған. Қайғылы оқиға аралдың батысындағы Тайчжун қаласында болды. Кранмен 30 қабатты үй салынып жатқан. Жұмыс кезінде оның көтергіш темірі бірнеше ғимаратқа тиіп, өтіп бара жатқан пойызға құлап түскен. Билік оқиға орнына 10 адамнан тұратын тергеу тобын жіберді.