Түркияда сайлауалды тыныштық күні өтіп жатыр
Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден бастап кез келген үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады.
Ал қоғамдық сауалнама орталықтары ертеңгі саяси доданың алдын ала нәтижесі қандай болуы мүмкін деген сауалнама жүргізді. Мәселен, Конда компаниясы президенттік сайлау екінші турға қалуы мүмкін екенін айтады. Өйткені қазіргі президент 43,7% дауыс жинаса, оппозициялық үміткер 49,3% дауыс алған. Ал «Optimar» зерттеу компаниясы Ердоғанның қоржынына 50,4%, Кылычтароғлұныа 44,7% халық дауыс береді деп отыр. Қалай болғанда да сауалнама жүргізетін компаниялардың бәрі саяси тартыс Ердоған мен Кылычтароғлұ арасында өтетініне нық сенімді. Қалай дегенмен, сайлаудың нақты қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады.