Ресейдің Тольятти қаласындағы есік жасайтын зауыт отқа оранды
Тілсіз жаумен күреске 300-ден астам өрт сөндіруші тартылған.
Зауыттың бояу бөлігінде тұтанған от 20 мың шаршы метрді жалмап үлгерген. Ғимараттың шатыры ортасына түскен. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.