Оңтүстік Кореяда Қазақстан кәсіпкерлерінің алғашқы қауымдастығы пайда болды
Qazaq union бизнес клубына отандастарымыз басқаратын ірі корей компаниялары кірді.
Одақтың президенті – Жанәділ Талдыбаев. Ол Кореяға 2015 жылы келді. Сеулде оқып жүргенінде медициналық туризм платформасын құрған. Кәсіпкердің екінші жобасы балаларға компьютерлік бағдарлауды үйретуге арналған мобильді қосымша. Оны қазірдің өзінде бірнеше корей және 100-ден астам қазақ мектебі пайдаланады. Қазір бұл бизнес 10 миллион долларға бағаланды. Бизнес-клуб мүшелері өз жобаларын әзірлеуде бір-біріне көмектесіп, танымал қазақстандық кәсіпкерлердің тренингтеріне қатыса алады. Сонымен қатар, корей тілін тегін үйренеді.
Жанәділ Талдыбаев, Qazaq union бизнес клубының президенті:
- Өнімді жіберетін кәсіпкерлер логистиканы корей компанияларын қолданылады. Ал ол болса өте қымбат шығуы мүмкін. Және тек логистикамен айналысатын біздің Қазақстан азаматтары да бар. Олар өздерінің ақысын корей компанияларға қарағанда төмен алады. Сол екі кәсіпкерлерді біріктіру арқылы тиімді қауымдастық өткізуге болады.