БҰҰ: Қақтығыс құрбандарының саны 700-ге жуықтады
Судандағы қарулы қақтығыстардың басталғанына тура 1 ай болды.
БҰҰ-ның соңғы көрсеткіштері бойынша, жергілікті армия мен арнайы күштер арасында жандал құрбандарының саны 700-ге жуықтап қалған. Мыңдаған адам жараланған. Қазір тұрғындардың жағдайы ауыр халде, адамдар үйлерінен шығуға қорқады. Халық азық-түлік пен ауыз суға зәру. Ел аумағында интернет пен байланыс жүйесі жұмыс істемей тұр. Халықаралық сарапшылар Суданға гуманимарлық дағдарыс, қаупі төніп тұр деп дабыл қағуда. БҰҰ-ның өкілдері, елдегі шиеленіс тыйылмаса 19 млн адам жақын арада, аштыққа ұшырауы мүмкін дейді. Жалпы шиеленіс ел астанасы Хар-тумде сәуірдің 15-і күні басталған еді. Содан бері 115 мың адам елін тастап кетуге мәжбүр болған.