Әлемде кофе қымбаттады
Әлемде кофе бағасы кейінгі 12 жылда болмаған рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Атап айтқанда, оның робуста сұрпы қымбаттап кеткен. Сарапшылар бұған қуаңшылық себеп дейді. Осының салдарынан кофені көп өндіретін Вьетнам мен Бразиялияда аз өнім жиналған. Қазір әлемде кофеге сұраныс күрт артқан. Мәселен, Германияда бір жылда өнімнің бағасы 20%-ке өскен.