АҚШ әуежайларында тың технология сынақтан өтіп жатыр

АҚШ әуежайларында тұрғындарды анықтау технологиясы енгізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолаушылар арнайы құрылғыға төлқұжатын салады. Сосын камераға қарайды. Сөйтіп, ол адамның беті мен құжаттағы суретті салыстырады. Тексеруді адам бақылап отырады. Демек даулы жағдай туындаса, қызметкер шешім қабылдай алады. Негізі пилоттық жоба коронавирус пандемиясы кезінде Вашингтон әуежайында іске қосылған. Қазір ол елдің 16 әуе айлағында сынақтан өтіп жатыр. Жоба авторларының айтуынша, бұл – қауіпсіздікті күшейтіп, уақыт үнемдеу үшін қабылданған шешім.