Хорватияда жауын соңы тасқынға ұласты
Хорватияда толассыз жауын соңы тасқынға ұласып, бірнеше қаланы су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кейбір аудандарда төтенше жағдай жарияланды. Қазір тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Тасқын салдарымен күреске әскерилер жұмылдырылған. Синоптиктер болса алдағы күндері қатты жауын болады деп ескертіп жатыр.
Мирослав Андрич, Обровац қаласы азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы:
- Қазір қолда бар барлық күштер Обровац мен Грачац қаласындағы тұрғындарға көмектесуге жұмылдырылған. Тасыған судан үйлерінде қамалып қалған адамдар эвакуацияланып, жапа шеккендерге түрлі көмек беріліп жатыр.