Бейжіңде Қытай және ОА ақпарат құралдарының басқосуы өтті
Бейжіңде Қытай және Орталық Азия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары арасында жоғары деңгейдегі Диалог өтті.
Бұл - "Қытай – Орталық Азия" саммиты қарсаңында ұйымдастырылған басқосу. Қатысушылар онлайн және оффлайн түрде мемлекеттерін жаңғырту жолдары мен осы мақсаттағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызын талқыға салды. Осы тұста тәуелсіз даму жолына түскен елдер үшін Қытай жақсы үлгі болуы мүмкін. “Бір белдеу – бір жол” бастамасын ерекше айтып кетті. Осы жоба жүзеге асып жатқан 10 жылда тараптар елеулі табыстарға жетіп, бұл аймақтың бейбіт дамуына өз үлесін қосты.