Украинада коммуналдық төлемдер бойынша борышкерлердің шоты бұғатталады
Украина коммуналдық төлемдер бойынша қарызы бар тұрғындардың банк шоттарын бұғаттайды.
Берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алуға қатысты заң жобасы мамыр айынан бастап күшіне енді.
Александр Полищук - Киевтегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің шаруашылығына жауап беретін және меншік иелерінің ортақ мүддесін қорғайтың заңды тұлға. Ол коммуналдық кәсіпорын мен тұрғындар арасындағы дәнекер. Дей тұрғанмен соңғы жылдары коммуналдық төлемдерді жылдар бойы өтемей жүргендер саны күрт көбейген. Сондықтан заң бойынша борышкерлердің банк шоттарын бұғаттау - мәжбүрлі қадам,- дейді Александр.
Александр Полищук, ортақ меншік иелері бірлестігінің төрағасы:
- Осы заң тармағы негізінде жақында үш жыл бойы коммуналдық төлемдерді өтемеген пәтер иесіне қатысты сот отырысы өтті. Сот шешімі бойынша борышкердің берешегін мәжбүрлі түрде өндіріп алу бойынша арыз қанағаттандырылды. Бұл дегеніміз борышкердің есепшоты бұғатталып, қарызды жаппағанша ашылмайтын болады.
Әрине мемлекеттік тұрғын үй испекциясы елдегі жағдайды ескеріп, қауіпсіздігі қамтылмаған аймақтағы адамдардан қарыз өтеуін талап етпейді. Дегенмен банктегі есепшоттарында берешегі бар әрі шет елге көшкен тұрғындардан коммуналдық төлемдерді дер кезінде жауып отыру талап етіледі. Мұндай тәсіл - пәтер иелерінің жауапкершілігін арттырады,- дейді заңгерлер.
Стефания Бойко, заңгер:
- Қазіргідей қиын жағдайда әр тұрғын жарық беруші компания мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін сезіну керек. Банк тарапынан меншік иесіне электрондық пошта арқылы бірнеше рет хабарлама жіберіледі. Хат ескерілмеген жағдайда сот сырттай шешім шығаруға мәжбүр
Қоғамда мұндай тәсіл банктің миллиондаған клиенттеріна қауіп төндіреді деген пікір бар. Алайда тұрғындардың коммуналдық төлем бойынша қарызы бүгінде 50 млдр гривень, яғни 13 млнд долларға жетіп, аспандап кеткен. Банктегі шоттан бөлек, егер сот қарызды қайтару бойынша коммуналдық кәсіпорынның талабын қанағаттандырса, борышкердің пәтер ішіндегі заттарын, тіпті ыдыс-аяқтарын да өндіріп алуға заң бойынша рұқсат етілді.
Авторы: Аида Қыдырбай