БҰҰ: жаһандық температура көтеріледі

Ауаның ластануы әлем жұртшылығын алаңдатып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жер бетіндегі орташа жылдық температура шамамен 1,5 градусқа көтеріледі. Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Дүниежүзілік метеорогиялық ұйымы жуырда осындай болжам жасады. Олар ауа райының өзгеруінен табиғи апаттардың көбейе түсетінін ескертіп отыр. Ауаны ластайтын зиянды заттарды азайту, экологиялық бағдарламаларды көбейту секілді қолға алынған шаралар нәтижесіз. Тіпті осыдан бірнеше жыл бұрын әлем елдері климаттың жаһандық өзгеруімен күресу үшін халықарылық құжатқа қол қойған еді. Бірақ мәселе шішілген жоқ, - дейді мамандар.