G7 басшылары Жапонияға жиналды
Үлкен жетілік елдерінің басшылары Жапонияға жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бәрі Хиросима қаласында өтетін G7 саммитіне қатысады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – ядролық қауіпсіздік. Осымен 49-шы рет өткелі тұрған жиында Азиядағы ахуал жайлы да сөз қозғайды. Оның ішінде Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарын жиі өткізуі талқыға түспек.