Канадада орман әлі өртеніп жатыр

Канаданың Альберта штатында орман әлі өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше апта бұрын басталған жалын 400 мыңнан аса гектар жерге таралған. Түтін тіпті АҚШ-тың оншақты штатына жеткен. Жалпы Альберта провинциясында 91 өрт ошағы тіркеліп отыр. Аймақта 30 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Тілсіз жаумен 3 мың өрт сөндіруші күресіп жатыр.