Үндістан үкіметіне қарсы жүздеген адам шеруге шықты
Кашмир аймағының Пәкістан жағындағы бөлігінде жүздеген адам шеруге шықты.
Олар осы даулы өңірде «Үлкен жетілік» елдерінің туризм бойынша кездесуін ұйымдастырып жатқан Үндістан үкіметіне қарсы бас көтерген. Қазір бастапқы жиыны өтуде. Туризмге арналған негізгі конференция ертең басталмақ. Ал «Үлкен жетілік» саммитінің өзі қыркүйекте Нью-Делиде болады. Пәкістанның Сыртқы істер министрі бұл аймаққа арнайы келіп, «Үлкен жетілік» жиынның заңсыз өтіп жатқанын айтып, оған қатысушы мемлекет өкілдеріне бойкот жариялауға шақырды. Үнді билігі бұл мәлімдемеге әзірге қарсы тіл қатқан жоқ. Естеріңізге сала кетейік, ядролық қаруы бар Пәкістан мен Үндістан 1947 жылдан бері үш рет соғысты. Оның екеуі осы Кашмир үшін болған.
Билауал Бутто-Зардари, Пәкістанның Сыртқы істер министірі:
- Үндістан «Үлкен жетілік» қозғалысына төрағалық міндетін асыра пайдаланып отыр. Бұл ғаламдық қаржы-экономикалық мәселелерді шешуге арналған форум емес пе? Енді қазір БҰҰ қағидаларына қайшы келіп отыр.