ЕО-да матаны жоюға тыйым салынады

Еуропалық Одақ сатылмаған матаны жоюға тыйым салуға ниетті.

Ұйымға мүше елдер осындай заң қабылдауды қолдады. Себебі, ол ортақ аймақта қоршаған ортаға зиян келтіретін басты қалдық болып саналады. Жыл сайын Одақ аумағында қоқысқа 6 миллион тоннадай мата тасталады екен. Осымен қатар жаңа заңда тауардың экологиялық тұрғыдан қаншалықты таза екенін көрсететін, өнімнің цифрлық төлқұжаты енгізілмек. 

Эбба Буш, Швецияның кәсіпкерлік және өнеркәсіп министрі:

- Бүгінгі шешім жасыл экономиканы дамыту мен ортақ нарықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл жабық циклді экономиканы дамытып, қоршаған ортаны қорғау үшін шығарылатын өнімдерге тиісті талаптар қоюға мүмкіндік береді.