Африка елдерінде азық-түлік дағдарысы күшейді
Африканың шығысындағы Сомали, Эфиопия, Джибути, Эритрея мен Кениядағы азық-түлік дағдарысын шешу үшін 7 млрд доллар қажет.
Осылай деген БҰҰ-ның өкілдері халықаралық қауымдастықтан көмек сұрап отыр. Айтуларынша, аталған елдердің 21 млн тұрғыны аштық алдында тұр. Мұның басты себебі – климаттың өзгеруі. Аймақта қаншама жыл қатарынан қуаңшылықтың беті қайтпай тұр. Оның үстіне әлемді жайлаған қымбатшылық та ондағы ахуалға әсер етпей қоймады.
Шашват Сараф, Халықаралық құтқару комитетінің өкілі:
- Жиналған ақшаға сумен қамтамасыз ету жүйелері қалпына келтіріледі. Ашқұрсақ жүрген балалар емделеді. Ауыл шаруашылығы саласына көп қаржы қажет. Әлемдік қауымдастық бұл елдердің жағдайына бей-жай қарамауы керек. Оларға қаржылай жәрдемдесуі тиіс.