Сиднейде Д.Ассанжды босатуды талап еткен шеру өтті
Сиднейде WikiLeaks негізін қалаушысы Джулиан Ассанжды босатуды талап етіп жүздеген адам митингке шықты.
Сиднейдегі жиынды әуелде оның отбасы ұйымдастырған еді, енді оларға жергілікті тұрғындар да қосылып отыр. Шеруге қатысушылар Ассанжды Ұлыбританиядағы түрмеден босатып, АҚШ-қа экстрадициялауды талап етуде. Митинг АҚШ президенті Джо Байденнің Сиднейге жасамақ болған сапары қарсаңында ұйымдастырылған. Алайда ақ үй басшысы мемлекеттік қарыз мәселесіне байланысты Австралияға келе алмады. Еске салайық, 51 жастағы австралиялық журналист 2012 жылдан бері Лондон түрмесінде отыр. Қазіргі уақытта Wikileaks негізін қалаушысы Белмарштың қатаң режимдегі абақтысында. Бұл түрмеде террористер отырады. Оған тағылған айыптардың ең негізгісі - 2010 жылы АҚШ қорғаныс күштеріне қатысты құпия деректерді заңсыз алып, жариялауы. Оған 17 тармақ бойынша айып тағылған.