Дональд Трамп сайлауға түсетін қарсыласын сынға алды

Дональд Трамп президенттік сайлауға түсетін қарсыласы Рон Десентисті сынға алды.

Ол басты оппонентінің сайлауалды кампаниясының алғашқы қадамы сәтсіз шықты деп отыр. Жергілікті NewsNation телеарнасында Трамп осындай мәлімдеме жасады. Ол Флорида губернаторы Десентистің сайлауалды бағдарламасы басталмай жатып, құлдырағанын кесіп айтты. Бұған Десантистің алғашқы сөз сөйлеу кезінде техникалық ақаулардың шығу себеп болуы мүмкін. Трамп өз кезегінде алдын ала сауалнама нәтижесінде өзін қолдаушылар көп екенін алға тартып отыр.