Түркияда президент сайлауының екінші туры басталды
Түркияда бүгін президенттік сайлаудың екінші туры, деп хабарлайды «Хабар 24».
Додаға «Халық альянсы» атынан қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған мен оппозициялық партиялардың кандидаты Кемаль Кылычдароғлу түсіп жатыр.
Алғашқы турда Ердоған сайлаушылардың 49,5%, ал Кылычдароғлу 44,8% дауысын жинаған еді. 61 млн азаматтың сайлауға қатысу құқығы бар. Шет елдердегі түріктер бірнеше күн бұрын таңдау жасап қойған. Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-де ашылып, кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді.