Оңтүстік Корея мен Польша арасындағы қару-жарақ келісіміне қол қойды

Оңтүстік Корея мен Польша 13 миллиард 700 миллион долларға бағаланған қару-жарақ келісіміне қол қойды. Бұл - ресми Сеулдің қорған

ыс саласындағы ең ірі мәмілесі. Жалпы бұл ел, қару-жарақ экспорты бойынша, әлемдегі жеТекші мемлекеттердің біріне айналуды көздеп отыр. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы Оңтүстік Корея 17 миллиард долларға қару сатқан. Ал одан бір жыл бұрын 7 миллиард 250 миллион табыс тауыпты. Келісім жасаған екі ел, Еуропа нарығына үлкен үміт артып отыр. Оңтүстік Корея технологияларымен бөліссе, Польша өз кәсіп-орындары мен сауда жүйесін ұсынып отыр. Украинада әскери қимылдар басталғалы, еуропа елдеріндегі қару қоймалары тез босай бастады. Ал жергілікті кәсіпорындар, оның орнын толтыруға үлгермей жатыр.

О Кьехван, Hanwha Aerospace компаниясының директоры:

- Чехия, Румыния, Словакия, Финляндия, Эстония, Латвия, Литва және өзге елдер қаруды тек Еуропада сатып алатын. Ал қазір Оңтүстік Кореядан төмен бағамен алып, тез жеткізуге болатынын білді.