Түркия экономикасы қиын кезеңге тап болды
Анкара тұрғындары елдегі инфляцияның өсуіне қатты алаңдап отыр.
Себебі тұтынушылық баға былтырғымен салыстырғанда шамамен 50 процентке өскен. Президенттік сайлау өтсе де, халық экономикалық ахуалдың жақсаратынына күмәнмен қарайды. Бұған оппозиция өкілдері де “отқа май құйғандай” тұрғындардың әлеуметтік жағдайы нашарлап кетті деп дабыл қағуда. Сайлауда жеңіске жеткен Реджеп Тайип Ердоған саясатын өзгерту керек деген пікірлер жиі айтылады. Саяси додада оның басты қарсыласы болған Кемал Кылычдароглу экономикалық дағдарыстан шығу үшін нақты қадамдар жасалуы керек дейді. Айта кетейік, күні кеше түрік лирасы тағы құлады. Осылайша курс жыл басынан 7 пайызға төмендеп, бір доллар құны 20 лираға жетіп отыр. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 28-ге жетуі мүмкін дейді сарапшылар.