Ливияда террорлық топ мүшелеріне сот үкімі шықты
Ливия соты Ирак және Левант лаңкестік ұйымның содырларына қатысты үкім шығарды.
Іс қорытындысы бойынша 23 адам өлім жазасына кесіліп, тағы 14-і өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Олар 2015 жылы Ливия астанасы Триполидегі қонақ үйге шабуыл жасап, тоғыз адамды өлтіріп, ондаған мысырлық христианды ұрлап кеткен. Бұл қылмысты олар таспаға жазып, террористердің үгіт-насихат жұмыстарына пайдаланған екен. Бұдан бөлек содырлар сол жылы Ливияның солтүстігінде Сирт қаласын басып алып, жүздеген бейбіт тұрғынды өлтірген. Сот отырысына қаза тапқандардың туыстары қатысты. Бұл шешімге олар қанағаттанып отыр.
Мұстафа Сәлем Әл-Трабулси, құрбан болғанның туысы:
- Бүгін біз сот отырысына келдік. Үкім әділ шықты дей ойлаймыз. Мен Сирт қаласында болған атыста ұлымды жоғалттым. Бүгін оны өлтірген адамды өз көзіммен көрдім. Біз олардың барлығы өлім жазасына кесіледі деп үміттендік. Үмітіміз ақталды.