Қытай Айға адам ұшырады
Ғарыш туристері мінген соңғы миссия 22 мамырда Флоридадан ұшырылған еді.
Бірнеше сағат бұрын ол жерге қонды. Экипаж мүшелері қатарында НАСА-ның бұрынғы астронавты әрі халықаралық ғарыш агенттігінің алғашқы әйел командирі Пегги Уитсон, америкалық кәсіпкер әрі ұшқыш Джон Шоффнер және Сауд Арабиясының екі астронавты Әли әл-Карни мен Райян Барнави бар. Айтпақшы Барнави ғарышқа ұшқан алғашы араб әйелі атанды. Ол биомедицина саласымен айналысатын ғалым. Бұл америкалық Аксиом компаниясының бағдарламасы. Оның аясында былтыр сәуірде бірінші коммерциялық ұшу орындалған. Ол кезде халықаралық ғарыш станциясына НАСА-ның бұрынғы астронавтымен қоса америкалық кәсіпкерлер де жеткізілген. Аксиом компаниясы жыл соңына дейін үшінші сапарын жоспарлап қойған. Оның аясында 4 экипаж мүшесі халықаралық ғарыш станциясында 2 апта өткізеді. Алдағы мақсат - туристерді жылына 2-3 рет ұшырып отыру. Әрине мұны әркімнің қалтасы көтере бермейді. Бүгінде бір экипаж мүшесіне кететін шығын 55 миллион долларға бағаланып отыр.
Американдықтармен қатар қытайлар да ғарышты игеру жағынан жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Шығысымыздағы көрші ел биыл орбитаға 200-ден аса аппаратын ұшыруды жоспарлауда. Сонымен қоса тайконавтарын да жіберіп отыру жағы да көзделген. Осы аптада 3 Қытай ғарышкері мінген кеме "Тяньгун" ғарыш станциясымен түйісті. Көрші ел Халықаралық ғарыш станциясының жұмысына қатыспайды. Өзінің жеке ұлттық бағдарламасын дамытумен айналысады. Орбитада бүгінде екі кешен бар. Бірі халықаралық ғарыш станциясы болса, екіншісі осы "Тяньгун". Ол былтыр салынып біткен.
Чен Цзе, Қытай ғарыш агенттігі кешенді жоспарлау бөлімінің директоры:
- Бұл "Тяньгун" ғарыш станциясының құрылысы аяқталғаннан кейінгі алғашқы басқарылатын миссия болып отыр. Сондықтан бұл біз үшін тарихи сәт. Миссия аясында алдағы уақытта жоғары деңгейдегі бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізетін боламыз.
Қытай 2030 жылға дейін өз ғарышкерлерін Айға қондыруға да ниетті. 7 жылдан кейін Ресей де ел тарихындағы ең алғашқы мисссиясын Айға аттандыратынын жеткізді. АҚШ мұны 2026 жылға дейін іске асыруды жоспарлап отыр. Американдықтар Марсты игеру жобаларын да қолға алған. Тіпті осы бағыт бойынша ғарыш туризмін дамытуға ниеттері барын да айтқан еді.