Перуде мыңдаған адам ереуілге шықты
Наразылық шара ел астанасы Лимада өтті.
Халық қазіргі президент Дина Болуартенің үкіметіне қарсылық білдірді. Тұрғындар соңғы кездері әлеуметтік жағдайларының күрт нашарлап кеткенін айтып отыр. Халық айлықты көтеруді талап етуде. Таяуда жұмысшылар кәсіподақтары жалақы мәселесіне қатысты билік өкілдерімен келіссөздер жүргізген еді. Бірақ бұл еш нәтиже бермей отыр дейді ереуілге шыққандар. Кей деректерге қарағанда, әуелде бейбіт басталған шараның соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, оларды басу үшін жүздеген полицей тартылған.