Канаданың бірнеше провинциясында орман өрті әлі сөнген жоқ
200 үй жанып кетті, 20 мыңнан аса адам эвакуацияланды.
Ал Альберта провинциясында жаңбыр жауып, өрт ошақтары өшкенімен, жергілікті билік қауіптің сейілмегенін айтады. Қос аймаққа АҚШ пен Оңтүстік Африкадан 400-дей өрт сөндіруші көмекке барды.
Бре Хатчинсон, Альберта провинциясы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің атқарушы директоры;
- Альбертада орман өртіне байланысты төтенше жағдай сақталады. Өйткені аймақтың солтүстігінде ормандар әлі лаулап жанып жатыр. Қауіпті аудандардан 4 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланды. Тұрғындарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылған.
Ал АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртімен күрес бойынша оқу-жаттығу өтті. Шараға шаруалар мен еріктілер қатысты. Себебі соңғы жылдары аптап ыстықтан аймақта орман өрті жиілеген. Былтыр өңірде табиғаттың осы апат түрімен күрес бойынша стратегиялық жоспар бекітілген.