loader

Аризона штатында үй құрылысына шектеу қойылды

Аризона штатында үй құрылысына шектеу қойылды

Американың Аризона штатында тұрғын үй құрылысына шектеу қойылды.

Бұл шешім әсіресе Финикс қаласына қатысты. Тыйымға түрткі болған жерасты суының тапшылығы. Су ресурстары жөніндегі департамент өкілдерінің айтуынша, қала қарқынды өсіп келе жатқанымен тіршілік көзі жылдан жылға азайып бара жатқан көрінеді. Сондықтан да осындай шешім қабылданған. Болжам бойынша штат тұрғындары су жетіспеушілігін алдағы 100 жыл бойы сезеді.